Негізгі мазмұнға өту

Ақтөбе қ., Ораз Тәтеұлы 13Б · Дс–Жм: 9:00–18:00

Білім беру

Негізгі пәндерді тереңдетіп оқыту

Бағдарламалар 7–11 сынып оқушыларына арналған және білімнің практикалық қолданылуына баса назар аударады.

7–9 сыныптар

Орта мектеп

Мемлекеттік бағдарлама + IT бағытын ерте ашатын қосымша сағаттар. Жобалық сабақтарда оқушылар командамен жұмыс істеп, өз идеяларын жоспарлап, жүзеге асыруды үйренеді.

  • Ағылшын тілі — аптасына 2 сағат
  • Математика — аптасына 2 сағат
  • Информатика — аптасына 1 сағат
  • Қытай тілі — аптасына 1 сағат (7-сыныптар үшін)

10–11 сыныптар

Жоғары мектеп

Кәсіби және академиялық бағдарды нақтылап, болашаққа мақсатты дайындық. Бағдарлама мазмұны қазіргі заман талаптарына сәйкес құрылған.

  • ҰБТ-ге жүйелі дайындық: бейіндік пәндерді тереңдету, тест стратегиялары, тұрақты сынақ тесттері
  • IELTS, SAT халықаралық емтихандарына дайындық, академиялық ағылшын тілі
  • Кәсіптік бағдар: шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге жеке сүйемелдеу

Үйірмелер мен бірлестіктер

IT бағытында үш тегін үйірме, шығармашылық және волонтерлық қозғалыстар.

Web-бағдарламалау
HTML, CSS және JavaScript негіздері — оқушылар алғашқы веб-сайттарын жасайды.
Arduino
Робототехника және электроника: датчиктер мен микроконтроллерлермен жобалар.
3D-модельдеу
Үш өлшемді нысандарды жобалап, 3D-принтерде басып шығару.
Art Club
Шығармашылық пен көркемдік бағыттағы бірлестік.
«Şyraq» волонтерлар қозғалысы
Әлеуметтік белсенділік пен еріктілік қозғалысы.
Бағыттар
Математика · Ағылшын тілі · Информатика · Робототехника · Олимпиадаға дайындық · Дебат · Жобалық оқыту

2026–2027 оқу жылы

Грант негізінде оқу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз

Қабылдау емтиханы — 4 сәуір. Қатысу үшін өтініш формасын толтырыңыз немесе WhatsApp арқылы жазылыңыз.