Негізгі мазмұнға өту

Aqbobek Lyceum · Ақтөбе

Дарындылар мектебі — болашақ осында

Батыс өңірінде теңдесі жоқ, дарынды балаларға арналған IT бағытындағы лицей-интернат. Математика, ағылшын тілі және ақпараттық технологияларға басымдық.

7–11
сыныптар
IT
бағыт
100
жатақхана орны
«Ақбөбек» лицейінің түлектері — AL26
«Ақбөбек» түлектері · AL26Кампус →

Миссия

Цифрлық дәуірде жаңалықтар ашуға шабыт береміз.

Көзқарас

Цифрлық технологиялар арқылы білім беретін «үлкен әлеует» мектебі боламыз.

Құндылықтар

Сенім · Ұйымшылдық · Құрмет · Жауапкершілік · Адалдық · Табандылық · Ашықтық

Не үшін «Ақбөбек» лицейі?

Заманауи білім беру талаптарына сай, оқушы тұлғасының жан-жақты дамуына жағдай жасайтын білім ордасы.

Лицей туралы толығырақ
  1. Жоғары білім сапасы

    Пәндерді тереңдетіп оқыту, тәжірибелі ұстаздар құрамы және үздік білім беру әдістемелері.

  2. Цифрлық орта

    Заманауи технологиялар мен интерактивті платформалар арқылы білім беру тиімді әрі қызықты өтеді.

  3. Дарынды балаларды қолдау

    Олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысуға бағытталған арнайы бағдарламалар.

  4. Қауіпсіз және қолайлы орта

    Оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі басты назарда — лицей-интернат тәртібімен.

  5. Тәрбие мен құндылықтар

    Білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, ұлттық рухы биік, жан-жақты тұлға қалыптастыру.

7–11 сыныптарға арналған тереңдетілген білім

Негізгі пәндерді тереңдетіп оқытуға және білімнің практикалық қолданылуына баса назар аударамыз.

Орта мектеп

Мемлекеттік бағдарлама + IT бағытын ерте ашатын қосымша сағаттар. Жобалық сабақтарда оқушылар командамен жұмыс істеп, өз идеяларын жоспарлап, жүзеге асыруды үйренеді.

  • Ағылшын тілі — аптасына 2 сағат
  • Математика — аптасына 2 сағат
  • Информатика — аптасына 1 сағат
  • Қытай тілі — аптасына 1 сағат (7-сыныптар үшін)

Жоғары мектеп

Кәсіби және академиялық бағдарды нақтылап, болашаққа мақсатты дайындық. Бағдарлама мазмұны қазіргі заман талаптарына сәйкес құрылған.

  • ҰБТ-ге жүйелі дайындық: бейіндік пәндерді тереңдету, тест стратегиялары, тұрақты сынақ тесттері
  • IELTS, SAT халықаралық емтихандарына дайындық, академиялық ағылшын тілі
  • Кәсіптік бағдар: шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге жеке сүйемелдеу
Үйірмелер:Web-бағдарламалауArduino3D-модельдеуArt Club«Şyraq» волонтерлар қозғалысыБарлық бағдарламалар →
Сурет 1 / 3

Боранғали Д. Қ.«Aqbobek Lyceum» директоры

Лицей басшылығы

Директордың сәлемі

Құрметті ата-аналар, қымбатты оқушылар, «Aqbobek Lyceum» ресми сайтына қош келдіңіз!

Біз үшін әрбір бала – қайталанбас тұлға. Лицей қабырғасында оқушы өзін қауіпсіз, қолдау мен қамқорлықты сезінетін ортада өсіп-жетіледі. Біздің басты назарымыз – математика, ағылшын тілі және ақпараттық технологиялар, өйткені болашақтың кілті білімде деп сенеміз.

«Aqbobek Lyceum»-нің ең үлкен байлығы – ұлағатты ұстаздар қауымы. Олар шәкірт жүрегіне білім шырағын жағып қана қоймай, батыл шешім қабылдай алатын, жауапты, белсенді көшбасшыларды тәрбиелеуде. Біз Сіздермен жақын арада жүздесіп, жаңа білім биіктерін бірге бағындырамыз деп сенемін.

Ізгі ниетпен, Боранғали Д. Қ.

7–11
сыныптар қамтылады
100
жатақхана орны
4
мезгіл тамақтану
5+
үйірме мен қозғалыс

Оқу мен өмірге қолайлы кампус

Заманауи кампус студенттердің оқуы мен өмір сүруіне барлық жағдай жасайды.

Кампус туралы толығырақ
Заманауи кабинеттер
Интерактивті тақта мен проектормен жабдықталған.
Компьютерлік сыныптар
Заманауи құрал-жабдықтармен.
100 орындық жатақхана
2–4 адамға арналған жайлы бөлмелер.
Асхана
Пайдалы әрі дәмді тағамдар, күніне төрт мезгіл.
Спорт инфрақұрылымы
Спорт зал және ашық спорт алаңы.
Кітапхана
Оқу және көркем әдебиеттер қоры.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

2026–2027 оқу жылы

Грант негізінде оқу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз

Қабылдау емтиханы — 4 сәуір. Қатысу үшін өтініш формасын толтырыңыз немесе WhatsApp арқылы жазылыңыз.